Өлеңдер ✍️

  19.09.2022
  220


Автор: Гүлайша Ерахмет

Жанарыңа қарағанымда жасқана...

Жанарыңа қарағанымда жасқана,
Ол ғашықтық, ұқсатпа оны басқаға.
Арман құшсам құшағыңда тербеле,
Ол махаббат, теңеме оны өзгеге.
Қимағаным өлім түгіл өкпеге,
Ол іңкəрлік, орнын баспас ештеме.
Сені ойлаған таңдарым тез атпаса,
Ол сағыныш, ойламағын басқаша.
Саған ғана еркелеуім, күлгенім,
Ол дағы бір бақытым деп біл менің.
Бəрін қиып, саған еріп кеттім бе?!
Ол жар болу, бас тартпаған ешкім де.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу