Өлеңдер ✍️

  19.09.2022
  111


Автор: Гүлайша Ерахмет

Қиялдарды жинай алмай шашылған...

Қиялдарды жинай алмай шашылған,
Келе жаттым кем пендедей ақылдан.
Қанден ерткен қара көзді бойжеткен,
Өте шықты қасымнан.
Қарадым ба? Біле алмаймын қызығып,
Қыз соңынан қарап тұрдым бұрылып.
Əдемі қыз ұзай берді қасымнан,
Ақ қандені жүгіріп.
Өзгерген соң сағынышы, санасы,
Не істемес адамзаттың баласы.
Қырандардан үміт үзген қыздардың,
Халы осы ғой, қарашы...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу