Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
18.09.2022
107

Мандымай қойған іс мынау...
Мандымай қойған іс мынау,
Мəні болмаған түс мынау.
Көп-көрім жүрген қыз едім,
Көңіл-күйімді құрттың-ау.
Жараспай жүрген жай мынау,
Баспайды шөлді шəй мынау.
Арманым болып кездесіп,
Азабым болып қалдың-ау.
Келетін білем бақ мынау,
Осындай болар жастық-ау.
Шырылдап жатқан жүректің,
Шипасын қайдан таптым-ау.
Еңсемді басқан мұң мынау,
Есімді алған түн мынау.
Жарты əлем деуші еді біздерді,
Қайсы əлемде тұрмын-ау.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇