Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
18.09.2022
86
Біздің жақтың...
Біздің жақтың тауы қандай еңселі,
Бала күннен көріп өстім мен соны.
Кей кездерде таулыққа тəн мінезбен,
Тəкаппарлау дүниені сүйем мен.
Асау өзен ағып-ағып долданып,
Қосылар-ау Балқашына ол барып.
Асаулық ол батырлық қой рас-ау,
Кейде асаулау мінездерді ұнатам.
Біздің жақтың ауасы да тап-таза,
Тазалық бар жаңбыр шайған таста да.
Танысқанда маңызды емес түр-рең,
Жаны таза адам ба деп үңілем.
Біздің жақтың иір-қиыр жолдары,
Осы өңірге тəн қасиет ол дағы.
Сол жолдардан ойлар түйгем көптеген,
Бір сыдырғы өмірді де жек көрем.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter