Өлеңдер ✍️

  18.09.2022
  113


Автор: Гүлайша Ерахмет

Тұрмыс

Жастамын он сегізден оты бөлек,
Тағы бір көш қосылды көшіме кеп.
Ол болса тұрмыс дейтін шындық көші,
Мен де енді жүгінейін шындыққа осы.
Жиырма жыл өте шықты жыр əн айтып,
Өтті солай көп күнім романтик.
Барға да, бар емеске қиялданып,
Жыр үшін күн кешіппін жиі ойланып.
Есеймей қойдым, əйтеу, бойжетсем де,
Мен көшпей қалып қойдым ел көшкенде.
Достарым балаларын сүндеттетіп,
Үбірлі болып отыр үй боп кетіп.
Ал мен де жоқ демеймін, болады алда,
Тағармын басыма əйбат орамал да.
Қайран күн төбемде үкім бұлғақтаған,
Қоштасар қолын қимай бұлғап маған.
Мені қанша тұрса да гүлге бөлеп,
Тұрмыс қой өлеңімнен мүлде бөлек.
Арасын екеуінің дəнекерлеп,
Ендеше қарсы алайын тəуекел деп.
Сол үшін сала алмаймын жырымды отқа,
Тұрмыс ол жыр жазудан қиын боп па?!?
Арасын екеуінің ажыратпай,
Жылаңқы жырларымды жамыратпай.
Тұрмыста ел қатары ғұмыр кешіп,
Ал, жырда өтейін бір дүрілдетіп.
Сергиін, секірейін алға қарай,
Тек мені сол бір шындық алдамағай.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу