Өлеңдер ✍️

  18.09.2022
  87


Автор: Гүлайша Ерахмет

Шайтан бар

Байқаңдар, байқаңдар, байқаңдар,
Телефон сымында шайтан бар.
Сыбырлап шайтандар жабылып,
Біреуді іздейсің сағынып.
Біреуді сағынсаң құп дер ем,
Адамға тəн сезім үйткені ол.
Екеуін сағынып ертесі,
Ақырын басталар дерт осы.


Үшеуін сағынып содан соң,
Төрт, беске өтесің одан сен.
Көбейіп кетеді əм танысың,
Білмейсің қайсының жанысың.
Қайсына берілер көңілің,
Күрделі күйге енер өмірің.
Барлығы шайтанның кеселі,
Ұмытып сөзіңді кешегі.
Ертесі біреуге елжіреп,
Тоқтата алмайсың болды деп.
Сезімді бүлдірген əдемі,
Бəрі де шайтанның əлегі.
Жігіттер сөйлейді бес түрлі,
Қыздарда ибалық ескірді.
Көбейді сағыныш формасы,
Əйелін алдайды жолдасы.
Жолдасын алдайды əйелі,
Оның да сөйлесер бар ері.
Телефон болмаған күндерде,
Сағыныш аз еді біздерде.
Жан ыстық көрініп тыстағы,
Күн кештік санадан тысқары.
Телефон сымында шайтан бар,
Бисмилə деңдер алсаңдар.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу