Өлеңдер ✍️

  18.09.2022
  101


Автор: Нұрбек Нұржанұлы

Мені іздейді мекендер

Мені іздейді...
Атамекен туған жер тынысы — мұң,
Сыр сақтаған бағы — дала, ырысы — құм.
Күтеді, әне, қарт бабам үй алдында,
Бүкір белі, баяу-ақ жүрісі тым.
Мені іздейді...
Орман өлкем, Алатау сыңарыммен,
Мақтанасың шың басы шынарыңмен.
Мендік сыңар сенсің ғой, уа, биігім!
Жалғызсың ғой биік боп тұрғаныңмен.
Мені іздейді...
Шулы қалам Алматы танып тұрған,
Жүре-жүре көшелер жалықтырған.
Жүрегімнің сәулесін ұрлаған ба?
Шамдарында әр үйдің жанып тұрған.
Мені іздейді...
Мына Күн де, мына Ай, арақашық,
Күнді сүйем, болғандай жаңа ғашық,
Айды сүйем пайғамбар келбетіндей,
Көзімде жас, нұр тамшы, далада шық.
Мені іздеген мекеннің біріндемін,
Сусыз қалған жүректің гүлінде мұң.
Жаратқанның хақ жолын іздеп жүріп,
Осы жаңа өлі боп тірілгенім.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу