Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
18.09.2022
108
Мен іздеген біреу бар
Мен іздеген біреу бар...
Ол жүреді асфальтында қазақтың,
Топлиымен қытайдың.
Оған білем, сұрғылт күзде жолыққан,
Аққұба қыз ұнайтын.
Дәл өзіндей жапырақтан жанының,
Жауаптарын сұрайтын.
Ол мұңайса, тамшысында зиян жоқ,
Үнсіз ғана жылайтын...
Мен іздеген біреу бар...
Оның жаны күзгі суық түк емес,
Ызғарға да төзімді.
Мәңгі кетті махаббаттың бағынан,
Көшесінен безінді.
Жас жүрегі, үзілердей үп етсе,
Жапырақтай сезімді.
Көктен, жерден іздеп келем,
Бір мұңлықты – өзімді.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter