Өлеңдер ✍️

  18.09.2022
  96


Автор: Нұрбек Нұржанұлы

Екі шың

Мұңды сүйер, мұң көтерер ер деген...
Жан-жүйкеңді жыр әлемі кернеген.
Ғашығың бар, жан досың бар, мұңың бар,
Бай адамды сен секілді көрмегем.
Бұлтын жиып алса да түн төсіне,
Тарам-тарам бұлт кетеді кесіле.
Серік болған саған мәңгі сол бір Ай,
Менмін досым төніп тұрған тесіле.
Адалдықты көрдім достың түрінен,
Аулақ болдық надандықтың кірінен.
Көріп тұрсың кербез биік тау, шыңды,
Білесің бе?
Бірі сенсің, бірі мен.
Қол созамыз, жығылғанда көтеріп...
Төбемізге келер және өтер үк.
Бірімізге қорғанбыз ғой біріміз,
Тағдыр желі соқса дағы жөтеліп.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу