Өлеңдер ✍️

  17.09.2022
  292


Автор: Ақылбек Манабаев

САЯХАТШЫ БАЛАЛАР ӘНІ

Жаздың айы көңілді,
Жанға жайлы сая бақ.
Аралап кең өңірді,
Жасаймыз біз сахат.
Мөлдіреген көлдерді
Жүзіп өтіп келеміз.
Басып өтіп белдерді,
Даладан гүл тереміз.
Асқар тауға шығамыз,
Көз жіберіп шыңына.
Табиғатты ұғамыз,
Қанып жұмбақ сырына.
Орманға да барамыз,
Талай алау жағамыз.
Шырқап әнге саламыз,
Ойнаймыз, дем аламыз.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу