Өлеңдер ✍️

  17.09.2022
  139


Автор: Ақылбек Манабаев

МЕН ШОПАНМЫН

Тамылжып кеп бөктерге
Таң шапағын төккенде,
Қойларымды өргізем,
Бетегелі көк белге.
Шай, шай!
Асыктырган алдагы
Асыл мақсат, арманы,
Мен шопанмын самалды
Сахараның саңлағы.
Пай, пай!
Күміс нұры қылаулап,
Көтерілсе күн аунап,
Аспанымнан тырналар
Өтеді ұшып тыраулап
Төрлет, кел!
Дарқан дала өңірін,
Думандатқан өмірім.
Мен шопанмын елімнің
Ақтап жүрген сенімін.
Еңбеккер!
Мекен еткен шың басын,
Түз кыраны сырласым,
Мақтан етем маңқиған
Тауларымның тұлғасын.
Мақтан етем уақытты,
Жасканбаймын жасыннан,
Дауыл маған бас ұрған.
Мен шопанмын еңбекпен
Ел мерейін асырған.
Мен шопанмын бақытты!..




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу