Өлеңдер ✍️

  17.09.2022
  114


Автор: Ақылбек Манабаев

ЖЫЛ ҚҰСЫНЫҢ

Жыл құсының болып әсем әуені,
Гүл көтеріп келетұғын әуелі.
Көктем,
Жазым,
Күзім,
Қысым,
Барлығы -
Мамыражай маусымдарым мәуелі.
Көктем десем желкілдеген құрағы,
Көз алдыма жас елестеп тұрады.
Алтын күзге алғыс айтып қоштассам,
Қыс ызғары тереземді ұрады.
Бәріне де қол берісіп, қол алғам,
Сый ұсына білсем егер, жоқ арман.
Төрт маусымым – төл қонағы төрімнің,
Оларды мен бір- бірінен бөле алман..




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу