Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
17.09.2022
2044
ДАНА МҰХТАР
Ертістей ойы терең шалқып аққан,
Зерлі сөз, зерделі ойды жарқыратқан.
Атанды аға Мұхтар,
Дана Мұхтар
Етеді мәңгіге оны халқы мақтан.
Тамсанған талантына құрылықтар
Кемеңгер келбетінде ірілік бар.
Елім деп, ет жүрегі елжіреген,
Мәңгіге тірі Мұхтар,
Ұлы Мұхтар.
Есімі шырқап ғасыр асқарына,
Айналған Даналықтың дастанына.
Жұлдыз боп Абайдан соң туды Мұхтар,
Жарасып қазағымның асқарына.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter