Өлеңдер ✍️

  17.09.2022
  164


Автор: Ақылбек Манабаев

Тілек

Айналайын адамдар,
Мәңгі өшпес күнсіңдер,
Жердің көркі – солмайтын жайнап тұрған гүлсіңдер.
Өздеріңе бас иіп,
Бағынған тау, тылсым жер.
Мен сендерді бөлмеймін топқа,
Дінге,
Руға,
Бәрің бірсіңдер.
Айырмаймын,
Қара ма, ақ па кімсіңдер.
Әлдебіреу сырттарыңнан қамданса тор құруға,
Әшкерелеп жүрегім,
Дабыл ұрар,
Дүрсілдер.
Көңілдердің аспанын жаппасын деп дүлей мұң,
Ұйқы көрмей үмітімді кірпігіме тіреймін,
Күлкілерді бұзбасын, зарлы дауыс, үрейлі үн,
Ізгілікке сый әзірле қолыңдағы барыңмен.
Жана берсін еңбегің,
Шыңына өрле тың ойдың,
Айналайын адамдар,
Ақ ниет, пәк жаныммен
Мен сендерге шаттық пен бақыт қана тілеймін.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу