Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
17.09.2022
139
Құлыншақ
Құмартып саған төнемін,
Құндыз жүнді құлыншақ.
Жанарыңнан көремін
Балалықтың нұрын шат.
Жарысып желмен ойнайсың,
Мүсінің сұлу жебедей.
Шаршадың,енді қойғайсың,
Айналайын, келе ғой?
Неліктен ішің жараулы,
Сусасаң сүт те берейін.
Жал-құйрығың бар тараулы
Кекіліңді кел, өрейін.
Болған соң біраз тынығып,
Ойнақ сап тағы жөнерсің.
(Алу да керек шынығып,
Алда ғой ауыр нелер сын.)
Сағым боп самға, сары адыр
Көмілсін көлбеп ақ шаңға.
Көрсетпес шетін дала бұл,
Көсіліп қанша шапсаң да...
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter