Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
17.09.2022
140
ДАУЫЛДЫ ТЕҢІЗ
Ақ інжу тамшыларын аспанға атып,
Толқындар асылады тастарға тік
Долданып, қаһарланып соқты дауыл
Бұлттардың кірпігінен жас парлатып.
Тынымсыз минут сайын жарқылда үдеп,
Демігіп тыным алмай алқынды көк.
Жалт етіп от-найзағай шарт сынады.
Сияқты сабы үзілген алтын күрек.
Теңіздің күркіреген кезіне арнай,
Толғанып айтатын жыр-сөзі бардай.
Жағада ойға батып тұрды ақын,
Сұстанған сұрапылдан көзін алмай.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter