Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
17.09.2022
286
ПАЛУАН ІНІМЕ
«Жасым үлкен мен жеңем» деп жүгірдің,
Жұрт алдында омақасып жығылдың.
«Күш атасын танымайды» дегенді
Бұл өмірде тұңғыш рет ұғындың.
Жүруші едің өзіңді-өзің пір санап,
Ұялдың-ау, бастың бетті тұмшалап.
Жеңілісің арқылы інім алдың сен
Естен әсте кетпейтіндей бір сабақ.
Оқасы жоқ, өсіп әлі-ақ толасың,
Кемді үстеп, артығыңды жонасың.
Сәтсіздіктен білсең егер сақтана,
Енді қайтып сүрінбейтін боласың...
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter