Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
17.09.2022
184

ТАУ ӨЗЕНІ
Тояттаған нөсерді еміп, қарды жұтып, мұзды жеп,
Арыстан жал асау өзен ақты жарды сүзгілеп,
Су ішінде бір-бірімен майдандасып жатқандай,
Бұлшық еті бұлт-бұлт етіп, білеуленген жүз білек.
Боз шудалы бура толқын жалт-жұлт еткен жондары,
Жалмап, жаймап, жаншып өтті кедергіні жолдағы.
Қақпақыл қып қойтастарды аспанға атып, ойнады,
Жылжыды алға өрекпіп, ешбір бөгет болмады.
Ағындаған сол бетпенен бетондаған каналға
Түсті-дағы бұрылды ол тауып бағыт, жаңа арна,
...Енді, міне, жал-атызға түзеді, бағынып
Кетпені бар қолында бір тау тұлғалы адамға...
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇