Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
17.09.2022
327
Бурабай
Арнасынан асырмай,
Аялап бір суды арай,
Сағыныштың жасындай
Мөлтілдейді Бурабай.
Кеудесінен түсі аппақ,
Көтеріліп сынап бу,
Толқындарды құшақтап,
Сауық құрып жүр аққу.
Торғын сағым, сусылдап,
Төсінен аунап барады.
Ауасы жұпар, сусындап
Жаның рақат табады.
Желкілдеп бұлты шудадай,
Тұр Оқжетпес қиясы.
Секілді екен Бурабай
Көркемдіктің ұясы.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter