Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
17.09.2022
190
![](/uploads/shorttexts/author_image/6f8042d8a066219b1c9778f406b478c2.png)
ТОЛҚЫН
Жартасқа шығып мен тұрмын,
Төменде өзен ағады.
Боз бурыл жалы толқынның,
Жығылып, тұрып барады.
Тұлпардай тарпып жағаны,
Көк толқын шулап айтады ән,
Бір аунап түсіп алады,
Көтеріп басын қайтадан.
Биікті тынбай іздейді,
Жете алмай бірақ құлайды.
Сонда да күндер үзбейді,
Сонысы маған ұнайды!..
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter