Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
17.09.2022
239
СЕМЕЙДЕГІ АБАЙ ЕСКЕРТКІШІНЕ
Қарсы алдында ақ Ертістің айдыны,
Оймен серпіп іште тұнған қайғыны,
Тас тұғырда тапжылмастан ақын тұр
Анадайдан жалт қаратып айбыны.
Ақ қабағы жайлап қана иіліп,
Көкжиектен көз алмайды түйіліп.
Әлденеге елегізіп күйініп,
Әлденеге елтігендей сүйініп.
Күйгені, шаттығына елінінің
Ортақтасып, жырлай алмай өмірін,
Тым ертерек кеткеніне өкініп
Мұң астарлап тұрған шығар көңілін.
Сүйгені, ақындық өр даңқына,
Дақ түсірмей жақсы дәстүр-салтына,
Алақанға салып көкке көтерген
Дән риза шығпр туған халқына.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter