Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
17.09.2022
178
Алғашқы қар
Маңай жым-жырт,
Маужыраған тыныш түн.
Бетті суық тікенімен ұрды ызғар.
Жарқыл қағып ұнтағындай күмістің,
Жағама кеп қонып жатыр жұлдыз-қар.
Талдың сида бұтақтары иіле
Саусағымен ақ ұшқынды шашуда.
Айнала аппақ,
Кірсіз ғажап дүние.
Қия алмаймын аяғыммен басуға.
Алғашқы қар,
Аунап түскен аспаннан,
Пәктігіңмен ақ жанымды баурайсың,
Сен
Думаны жаңа ғана басталған
Менің балғын өмірімнен аумайсың.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter