Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
17.09.2022
136
АЛАТАУ
О, Алатау, табынып
Келіп тұрмын өзіңе.
Аңсағаным табылып,
Ұялап жатыр көзіме.
Батырып суға етегін,
Назданды қыз-қайың.
Еппенен басып өтемін.
Деп бұл қалпын бұзбайын.
Жанардай ойлы жаудырап
Мөлдір шығы құрақтың.
Тыңдайды орман маужырап,
Ерке әзілін бұлақтың.
Құлпырып тұр жонда гүл,
Ал сонау шың неге аппақ?
Отыр ма әлде онда бір
Ару аққу қонақтап.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter