Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
17.09.2022
120
Ренжітпеу үшін тұл құзды...
Ренжітпеу үшін тұл құзды,
Күшімді барлық жұмсағам.
Мойныма тағып жұлдызды
Тұрмысқа шықтым, түн, саған.
Игеріп түннің сиқырын,
Ұйықтаттым барлық жандарды.
Керегін сонда ұйқының
Бұл әлем кенет аңғарды.
Кеудемде менің қалғыды,
Ауылдар, алып қалалар.
Тыныштығымды аңдыды,
Өзенді құшқан сағалар.
Әнімнен дала мүлгіді,
Барлығын ұйқы жеңген-ді.
Даладан алып үлгіні
Ұйықтап кет, қайғы, сен де енді.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter