Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
17.09.2022
151
Қауызын ашқан гүлге де...
Қауызын ашқан гүлге де,
Сәулесін шашқан күнге де,
Жұлдызы тамған түнге де
Атыңды ойып жазамын.
Қайыңға, діңге, тірекке,
Жапырақтарға дір етпе,
Кеудемде соққан жүрекке
Атыңды ойып жазамын.
Бұлдырап жатқан нуға да,
Құлдырап аққан суға да,
Желбіреп тұрған туға да
Атыңды ойып жазамын.
Хал сұрап тұрған тауға да,
Қалжырап тұрған бауға да,
Се жүріп өткен аулаға
Атыңды ойып жазамын.
Улаған өзің жаныма,
Тулаған мынау қаныма,
Жап-жарық жастық шағыма
Атыңды ойып жазамын.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter