Өлеңдер ✍️

  17.09.2022
  101


Автор: Танакөз Толқынқызы

Қандай жақсы!

Қандай жақсы!
Ақындар мүлде сатылмайды:
Базарда тұрған қаймақ секілді,
Тігінші сұратқан оймақ секілді,
Мүгедек тапсырған балдақ секілді,
Байлар тұрғызған шарбақ секілді,
Ит, мысық, ешкі, тайлақ секілді
Арақ пен шарапты айтпағанда
Орман, көл, тұтас аймақ секілді,
Жезөкше сыйлаған құшақ секілді,
Бас кесер ұстаған пышақ секілді,
Қарынды қуантқан кеспе секілді,
Туфли, темір өкше секілді
Талап әкетер түгін қалдырмай
Теңізден тапқан жауһар секілді,
Алтын мен күміс, гауһар секілді.
Дәл бұлар сынды
Сайқымазақ сықақшылар сатылады,
Киножұлдыздар сатылады,
Музыканттар сатылады,
Көрге кірген суретшілер сатылады,
Ал ақындар сатылмайды.
Олар ешқашан еш жерде өтпейді.
Сонысымен олар баға жетпес құнды
өйткені өлеңге ешкімнің өресі жетпейді.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу