Өлеңдер ✍️
МҰХИТҚА ЖҰЛДЫЗ ҚҰЛАП АҒАДЫ
Мұхитқа жұлдыз құлап ағады,
Отты шаш жерге кетті шашылып.
Жан дауысым – құдды сынақ алаңы,
Жас емес көзден бұлақ ағады.
Кім рұқсат берді мазалауына,
Жұлдызды бұлай жазалауына?
Қай нақұрыстың құқы бар оған
Соттатып, мүлде басын шаптырып
Аспан әлемін тазалауына?
Кім себеп болды мөр басуына,
Қол қойып көзін шел басуына,
Жұлдызды соттау – қандай
жауыздық
Қалай жол бердік алжасуына?
Бауыздап сою күлкі секілді,
Сойылатұғын жылқы секілді
дар ағашына жұлдызды шығарған
Баскесер! Саған тілейтініміз –
қарасан дерті, соғыстың өрті
жолыңды жапсын құлпы секілді,
тұтансын ашу шырпы секілді,
қарғыстың қарайған бұлты секілді,
Құдайдың өзгермес ырқы секілді.
Мцхетке жұлдыз құлап барады,
Құлаған жұлдыздан шуақ қалады.
Күл-парша болу да
қорқынышты емес,
Неге екен бірақ Тициан Табидзе
Тоқтай алмастан жылап барады?
... Маңдайға ол да тұрақтамады.
Мцхетке жұлдыз құлап барады.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter