Өлеңдер ✍️

  17.09.2022
  210


Автор: Танакөз Толқынқызы

БАСПАНА

Жаңбырда болмайды баспана,
Тамады ол шатырдан жасқана.
Жаңбырға қосылып дос болды
Көзімнен үзілген жас қана.
Таулада болмайды баспана,
Тауларда болады бас қана.
Қасқиып тұрғанмен көк тіреп
Мейірім керек-ақ тасқа да.
Баспана болмайды шуақта,
Баспана болмайды бұлақта.
Бізден ол дәметпес ештеңе
Біз оған зәруміз бірақ та.
Бас иіп қарсы алар бас қала,
Иманды жыр жазам тасқа да.
Пәтерге сыймайтын тау мінез
Айналып кетпесе басқаға.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу