Өлеңдер ✍️

  16.09.2022
  152


Автор: Танакөз Толқынқызы

Сипамақ боп ұмтылдыңыз шашымды...

Сипамақ боп ұмтылдыңыз шашымды,
Әнтек сізге бұрылдым мен таңырқап...
Көктем! Сен де жоғалттың ба басыңды?
Неге жүрсің мөлдір шықта жабырқап?
Мұңыңыздан қаймақ қатсам өлеңге,
Ол да сіздей кетер ме екен бал татып?
Ынтызарлық ырқыңызға көнер ме?
Қолаң шашты жіберсем мен тарқатып?..
Бұрымымда қылығым бар үздіккен...
Бекер, сірә, бұзбаған-ау ұйқыңды.
Мені бір күн қисаңыз да сіз тіптен...
Қолаң шашты қия алмассыз сыйқырлы.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу