Өлеңдер ✍️

  16.09.2022
  118


Автор: Танакөз Толқынқызы

НЕ ІСТЕДІҢ?

Жүрегіңнен қандай жарық бөлінді,
Басыбайлы құл болардай сезімге?
Қай сөзіңмен өртеп кеттің өмірді?
Әйтпесе, айтшы, өртенетін кезім бе?
Не бар сенде мені сонша матайтын?
Халге жеттім тұра алмайтын
көрмесем.
Құдіретің бар көк майсаны отайтын,
Жайрап жатам жай түскендей
келмесең.
Шатастым мен шырмауыңа түстім де,
Жылай да алмай, жырлай да алмай
түнердім.
Мұң шағады сынық қанат құс кімге?
Мені жынды көбелек қып жібердің.
Арымменен араз етіп өзімді,
Аяп мені бақылама сыртымнан.
Жалпақ жұрттан жасырғанмен көзімді
Бұл жүректі қайда қоям бұлқынған?
Сені ойлаймын жыласам да,
күлсем де,
Бәлкім, мұңды көтере алмай үзілем.
Әлемімнің күйрейтінін білсем де
Жүріп келем ұстараның жүзімен.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу