Өлеңдер ✍️

  16.09.2022
  109


Автор: Тəпей Қайысханұлы

СӨЗ ЖИАР

Миыңа сіңіп мұң-жылау,
Құзыңа жазып мың сұрау.
Домалақ шардың үстінен,
Тұнжырай қарап тұрсың-ау.
Тамғалы тұрған тасына,
Сондағы елдің жасы ма.
Қанатын жайды бұлт тағы,
Бұланай шыңның басына.
О, бұланай, бұланай,
Бұлтпен туыс бұланай.
Бұлағы мұңның ақпайды-ау,
Құлағын койдың бұрамай.
О, бұланай, бұланай,
Бұланай деген бұл қалай.
Қайсы бір бабам қойды екен,
Жер шарындағы мұрадай.
Қасірет аз ба бұл тектес,
Бұланай бұған бүлк етпес,
Адамның бітпей мұң-зары,
Бұланай шыңнан бұлт кетпес,
О, бұланай, бұланай.....




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу