Өлеңдер ✍️
ЗЫМЫРАН
Асқан бір таулар көш ілбіп,
Алдында жатыр қосылып.
Үн алғышқа алып бұланай,
Қағазға жатыр көшіріп.
Дəм-тұзын татқан басқа өңір,
Азабың неткен ащы өмір.
Сиямен бірге сырғанап,
Қағазға тамды жас мөлдір.
Қалай бір шөлі қанады,
Айнала қарт та қарады.
Лхасаға арқырап,
Поезд да кіріп барады.
Дүрбісін тартып тұрғыдан,
Бұланай атты тұр ұлан.
Құйрығынан от бүркіп,
Көкке өрледі зымыран.
Қыр-даласы жапқан гүл,
Жыр-қаласы жаққан нұр.
Көз алдыңда көркейген,
Баяшат қалың жатты ауыл.
Басқаша өмір, басқа арна,
Симас-ау талай дастанға.
Ақ қанатты ұшақтар,
Айқасады аспанда.
Сигнал ма əлде қаққан бұл,
Жарқ етті көктен аққан нұр.
Естілді ерсі бір дауыс,
Əлсіреп алыс жақтан бір.....
Сəл қозғап мұңлы жүректі,
Бір топ шіл маңнан дүр етті.
Болды екен қайда зілзала,
Жер үсті біраз дір етті.
Бұланай ғұмыр бұл да бір,
Бурадай шөгіп бұлт жатыр.
Зымыран заман зымиан,
Бір сырын ішке бүкті ақыр.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter