Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
16.09.2022
300
ҚОБЫЗЫМ МЕНІҢ
Бошалап қайда барасың,
Құлақта, мида көп ызың.
Қолыма қайта алайын,
Қорқыттың қоңыр қобызын.
Арыдан тартып қозғады,
Ата мұңды да қоздады,
Ана мұңды да қоздады,
Дала мұңы да қоздады,
Бота мұңдар да боздады.
Сан ғасыр қалай толқыттың,
Телегей күйді текті елім?
Түсіндім енді Қорқыттың,
Қобызды серік еткенін.
Кеудем бір тұнған қобыз– үн,
Үзіліп тынар ішегің,
Күңірене берме, қобызым,
Қобызым менің, қобызым!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter