Өлеңдер ✍️

  16.09.2022
  154


Автор: Тəпей Қайысханұлы

АСАН ҚАЙҒЫ

Тымық түн еді,
Көгалға көп елік жусаған.
Тасалап үнемі,
Келетін осылай (қуса адам).
Селеу бастары,
Дір етсе үрке қарайды.
Дереу қашқалы,
Тінте шолады маңайды. 
Ана– елік ортада,
Лағын тұр екен емізіп.
Сырлы иірім,
Ақ сəуле оранған айнала.
Елік үйірін,
Көріп тұр жартыкеш ай ғана.
Үркер ауғанда,
Талығып ұйқыға кетті енді.
Сол сəт бұл маңға,
Бір сұмдық көлеңке жеткен-ді.
Обал демеді,
Бойын билеген сұм үміт.
Таяп келеді,
Бұта-бұтаға тығылып.
Кенет «көмп» етті,
Қатігез бір зауал төндіріп.
Шаңы бұрық етті,
Кетті екен қайсысын өлтіріп?
Бейкүнə топ елік,
Жан-жаққа бытырай қашқан-ды.
Енді көрелік,
Солардан төгілген жас, қанды...
Асты қыраттан,
Ана– елік аяғын сүйреткен.
Көрді жырақтан,
Жендет көзі оны күзеткен.
Мынау тар сынақ,
Тиді ауыр бейуазға, жаны тым қысылған.
Барады тамшылап,
Қара бетіне қызыл қан.
Неше жал асып,
Қуды екен соңынан аңшы да?
Қалды адасып,
Енді не амал бар, сірə?
Бұл бір қара түн,
Құпия сұмдыққа оранған.
Жыр болып қалатын,
Көріп тұр кім, сірə, оны алдан?!
Туылған тосыннан,
Манағы сұмдықта кек толы


Лағы шошынған,
Бір жаққа адасып кеткен-ді.
Жалғыз шырылдап,
Іздейді бейшара анасын.
Айтшы, өмір, шынын нақ,
Қайда жібердің панасын?
Кезіп тау ішін,
Өксиді, сəбишежылайды.
Естіп дауысын,
Сар дала ғажайып мұңайды.
Əн бе азалы, Қасірет жасымен жуылған?
Тағдыр азабы,
Осы ма елікке туылған?!
Лағын іздеді,
Жаралы ана елік зарығып.
Неткен ізгі еді,
Ақ сүті ағады ақ үміт.
Дəл осы маң,
Екі елдің шекара жері еді. 
Бұрын жосып аң,
Өтетін дөң еді.
Ертесі араға темір тор тартылды,
Шерлі елікке обал демеді.
Ары жақта ана елік,
Мұң-зарымен жарасын жалайды.
Бері жақта əредік,
Лағы мөлтеңдеп қарайды...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу