Өлеңдер ✍️
ҚЫРАН ШЫҢДА МЕРУЕРТ БАР
Қыз ерніндей қып-қызыл қына басқан,
Көрген талай хиқымет қия тастан.
Толғандырып отырған бүгін мені,
Ата жұртым сол шыңның түбінде еді.
Жаралғалы түспеген сəуле тегіс,
Əулетіне жалғасқан əуре керіш.
Хикаялы қызыл шың бар еді бір,
Қалған сіңіп қызықшыл бала күбір.
Абыз болып сарнаған ата қобыз,
Көл төбе боп атанған ата қоныс.
Бүгінгі ұрпақ білмеймін шеше алама,
Жалғасқанын осы жұрт неше атаға?!
Бөрі– боран қосыла тұрған ұлып,
Зікір оқып жатады бұрһан бұлт. 67
Дəу иығы қыдиып шаңырақтан,
Бағзаманнан бастайтын жаңа ырғақты əн.
Балапанын жауына қия ала ма,
Сол қияға ұя сап қыран– ана
Бағзаманнан басына пана тұтқан,
(Бұл дағы бір бабадан баян ұққан).
Жанары өшкін,
Сөнбеген оты бірақ,
Қыран шыңның түбінде отырып ап.
Бастағанда ұлы əкем хикаясын,
Сен де келіп қасына қисаясың.
Куəсіндай арттағы қалған іздің,
Тобан аяқ еді рас қарт абызың.
Бүгілмейтін не түзу жазылмайтын,
Жазылмайтын ғарып жан азынайтын.
Қыран– бізге, біз– оған туа– дейтін,
Арғы атадан бері қарай куə– дейтін.
Жалғыз тірнек жылына ұшырады,
Келе жатыр бізбен бір ұшып əлі.
Бейбақ шалым жанарын жасқа шылап,
Бір кие бар дейтін– бұл таста, шырақ!...
Бала едім мен ол кезе ойынқұмар,
Ақылым жоқ өзгенің ойын ұғар.
Əкем марқұм басқаға ұнасын ба?
Мерет бар деп қыранның ұясында
Төбесінен арқанмен түсіргенде,
(Құс киесін, дариға-ай, түсінген бе?,
Қыран келіп ұрды ауыр тасқа мені,
Қолыңменен əкем де жасқа,-деді...
Қыран көрдім қайтадан қайырылған,
Содан кейін есімнен айырылғам.
Меруертті де көрмедім, сірə толық,
Шағылыпты, əйтеуір, мына тобық.
Содан бері айналдым мүгедекке,
Түсінбеңдер, қарағым, мұны текке.
Осы күні піштағын естіп жатып,
Батқанын да білмеймін кештің қайтып.
Тұмар етіп сақтаған ұясына,
Қыран– ана қалдырған мұрасы ма? _
Ай туғанда мерует те жарқырайды,
Сəулесінде дірілдеп жалқы қайғы.
Қарт сөзі де дұғаға ауысады,
Сезбегендей еш нəрсе тау іші əлі.
Меруерт бар деп бірақ-та қыран шыңда,
Əлде кімдер сүңгиді қиял– сырға!...
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter