Өлеңдер ✍️

  16.09.2022
  120


Автор: Тəпей Қайысханұлы

ДУФУ ЕСКЕРТКІШІ АЛДЫНДА

Ұрпағына туғып алтын,
Өнерімен дуғып артын.
Өлең ойлап тұр алдымда,
Тұнжыраған дуфу ақын.
Жырдың сеніп қас күшіне,
Бас қатырған басқа ісіне,
Тас заманнан көңіл қалып,
Айналған-ау, тас мүсінге.
Ашылмаған қабағы айдың,
Қара бұлттар қамайды алдын.
Қағаз бетін бояп кеткен,
Қара сия– қара қайғың.
Заманына жиі налып,
Жұрт біткенді жиып алып. 
Жүрегімен жылтты ма екен,
Оқып беріп жырды лайық.
Жағымсулар жат арына,
Тартқан содан жапаны да.
Симай бəлкім өткен шығар,
Ұзын қара шапанына.
Жан рухы желбіреген,
Жарлылықты жеңді ме өлең?
Пана болмай жатқан шығар,
Қамыс лашық жел гулеген.
Ұқса ұлыға күшің жетсе,
Күшің емес, құсың жетсе,
«Қамыс лашық ..» дана Абайдың,
«Күз» өлеңін түсірді еске.
Ауырса егер ата мекен,
Дерті жанға бата ма екен?
Ұлылардың ұлы ойы да,
Бір тоғысып жатады екен.
Тағдырынан көңілі озып,
Таң нұрына қолын созып.
Қарашаның қамын жеген,
Қайран, ақын тоны тозып.
Сезімімен байып тегін,
Ат атағын жайып ерің
Жаттап өскен жарлы күннен,
Ауыр мұңнан айықты елің.
Шындық деген шын құламас,
Шындық жырға шын құлақ ас.
Біліп, білмей табынады,
Мына жұртың жұмбақ рас.
Аспандатқан өлмес даңқын,
Өнерінің өлше нарқын.
Өлең оқып отыр əлі,
Он бес ғасыр өтсе де ақын.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу