Өлеңдер ✍️

  16.09.2022
  113


Автор: Тəпей Қайысханұлы

БАЙРОН ЖЫРЫ

Толқынды теңізге құмарта қараймын,
Арыңды əніңді тыңдауды қалаймын.
Жүрекке тұп-тұнық
Кəусар боп құйылып,
Шымырлап бойыма сенен көп тарайды үн.
Сол тентек толқынға ғажайып киелі,
Тағызым еткендей тал басын иеді.
Тік шапшып аспанға,
Ақ мерует шашқанда
Ауыр бір тамшылар бетіме тиеді.
Болат сауытын жəй ғана жамылған,


Аттылар полкіндей өтеді жанымнан.
Онан соң жартасты ұрғылап жатады,
Ақ толқын ақ семсер кекке жаныған.
Арып- таласып аранын ашады,
Толқып кеп, кілт тоқтап, шегіне қашады.
Кей сəтте, япырау, көңілді босатып,
Бір мұңлы əуенге жарыса басады.
Кетеме айналып беймəлім елеске?
(Бəрі де аянбай түссе ауыр егеске);
Ішінде ана бір кіршіксіз ақ толқын,
«Йеффай қызының» жүрегі емес пе?!
Толқынды дүние шулаған, тулаған,
Сені қай пенде талығып қумаған.
Бірде күлдіресің, бірде аямай,
Қасірет жасымен жаныңды улаған.
Білмеймін лəззəтқа қана ма, қанбай ма?
Пенде жүрегі тоймас боп бара ма?
Толқындар ішінен жанымды азаптап,
«Мари, қалқамай», көзіңді қадама?
Мұңлы арудың жасы ма тамған бұл?
Əлде қас батырдың қаны ма аңғал бір?
Барша ғаламды құдірет күшіңмен,
Ақын жүрегі осылай таңғалдыр.
Уайым астында мұңайып жүдермін,
Дариға-ай, онымды шынымен білер кім?
Əйтеуір, бəрін де, бəрін де ұмытып,
Толқынға өзімді тастап та жібердім.
Тыңдадым теңіздің жүрегін, сырлы əнін,
Əйтеуір,
онымен тасыды бір қаным.
Жаңылма достарым!
Мен қазір үйімде −
Оқып отырмын Байронның жырларын...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу