Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
15.09.2022
103
Беу, қалқам...
Беу, қалқам!
Бір өлең оқышы күз жайлы.
Күз жайлы, екеуміз, біз жайлы.
Сұр бақтан әуенің естілсе,
Сағына жүрегім сыздайды.
Тыпыршып, тырналап барады
Кеудемді жүз қайғы...
Бір өлең оқышы күз жайлы.
Беу, бикеш!
Бір өлең оқышы, жылайық.
Кірпіктен моншақтар құласын.
Жанарды мұңменен шылайық.
Сырласың айың мен қайыңнан
Айыпты кім екен, сұрайық!
Осынау тынымсыз жүректі,
Бірдеңе қылайық.
Бір өлең оқышы мұңайып...
Айым-ау,
Бір өлең оқышы шешіліп,
Бұлттардан шешініп.
Сол күзде жоғалтқам өзіңді,
Ақ жаңбыр жауып ед өшігіп.
Қолшатыр іздеумен кеткен ем,
Қалдым-ау кешігіп...
Бір өлең оқышы кешіріп.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter