Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
13.09.2022
235
Әйел болу қиын ба?
Кейде әйел болғым бар, кейде ақын,
Әйел болу қиын ба? Түсін халқым,
Бір басыңнан бәрі де табылған соң,
Жігіттерге жоғары-ау қояр шартың.
Әйел болу қиын ба от жағатын,
Зерделі жан игерер бәрін-бәрін,
Көп болған соң жүректер бізді сүйер,
Тоқмейілсіп жүрміз бе біз де, бәлкім.
Өнерлінің өрісі кең болатын,
Сетері боп халқының жүре алатын,
Сүйдіре де біледі ол, сүйе алады,
Әне солар еріңді, ер қылатын.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter