Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
13.09.2022
162
Теңіз жағасында
Күй толқып кеудемде керемет,
Бір сезім жанымды тербетед.
Толқыны Каспийдің көк бұйра,
Ойнаған ақ сағым елестеп.
Жел ескен сағымның самалы,
Қарсы алып маңдайдан сылады.
Қиқулап қаз ұшып, аққулар,
Қанатымен суды кеп сабады.
Бір ару жағада, қарады,
Мұң тұнған жүзінде жанары.
Қиялы теңіздей тереңдеп,
Түпсіз боп тұңғиық барады.
Сырласты бір сәтте теңізбен,
Сен мені досы жоқ дегізбен.
Емдеші жанымды тұнығыңмен,
Адасқан аққудай келдім мен.
Табиғат сетері, аққулар,
Мені де қатарға қосып ал.
Жүрегім пәктікті аңсаған,
Сендерге айтатын дәтім бар.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter