Өлеңдер ✍️

  13.09.2022
  94


Автор: Зайда Медеуханқызы

Жаңылма кісіліктен, уа, жүрегім!

Арым бар,ұятым бар, ақылдан кенде емеспін,
Ибам бар, иманым жоқ пенде емеспін.


Ойым бар, талғамым бар таразыдай,
Жаманды жақсы орнына теңгермеспін.
Қорқам деп жаңсақ ой мен түсініктен,
Кінәмшіл секем алған құр күдіктен.
Тілеймін жүрегіме бұл өмірде
Жаңылмай өте көр деп кісіліктен.
Таң қалмай әлде кімнің талғамына,
Қол созам асқардағы арманыма.
Сенім мен сергектікпен сәлем берем
Әр күнгі арай, шуақ таңдарыма.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу