Өлеңдер ✍️

  13.09.2022
  261


Автор: Гүлнәр Уәлиоллақызы

Алмалы сай

(ән сөзі)
Сағындым, Алмалысай, шатқалыңды,
Сағындым арайланған ақ таңыңды.
Аяулым, білесің бе, білмейсің бе?
Сені ойлап сары белде жатқанымды.
Сағындым, Алмалысай, шуағыңды,
Сағындым тұнық тұма бұлағыңды.
Төгілген шалғыныңа меруерттей,
Арнаймын бір өзіңе жыр-әнімді.
Сағындым, Алмалысай, тобылғыңды,
Толқытқан көк теңіздей көңілімді.


Па шіркін, ақ желкенді армандар-ай,
Жанымды сағынышқа шомылдырды.
Алмалысай, Алмалысай,
Артымда алыс-алыс қалғаның-ай.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу