Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
13.09.2022
143
Өзіңді аңсап
Сен келердей
Жанарымда мұң табы табындаған,
Жыр оқыдың сен маған табылмаған.
Алау жағып кеттің-ау, тағы маған,
Көк бөрі ұлды мен неге танымағам?
Сен келесің киелі аралымда,
Тұлпар болып тірлікке жарадың ба?
Көңілімнің көлінде жана алдың ба,
Ғашық мұңын мен саған шаға алдым ба?!
Жырға жүкті боздақпын білесің бе?
Тастамаспын асылды күресінге.
Жырымды сен де жаттап жүресің бе?
Өмірде қатар тұрып күресуге.
Сезесің жан сырымды ұғынықты,
Ұмытпаспын сен берген шұғынықты.
Көктетіп ем Жайырдың бөктеріне,
Көркем түске бояды тірілікті.
Сен келердей оянам таң алдында,
Ақ жауын боп жүзіңе тама алдым ба?
Өзіңді ерен таудан таба алдым ба,
Жүректі жүрегіңе таңа алдым ба?
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter