Өлеңдер ✍️
МЫСҚЫЛ
Көншітетін таппаған соң көңілге ем,
Өлексе емес, өмір іздеп өмірден.
Құшып-сүйіп, оралыңның барында
Ұшып шығып тірлік дейтін
кебіннен...
Жынды Әбеннің жұртын кеттің
бетке алып,
Сәкендейін серік іздеп текті анық,
Жүрген ұлды өркениет мысқылдап
Илеп ұрды сол жұртынан
шет қағып...
Ит қып көрмек...
Иілген жоқ ол да аса,
Отқа түсіп сорламақ-ау сорласа...
Әпенде іздеп несі бар ед? Айыбы –
Сәкенді іздеп сорлағаны болмаса...
Айырмасы осы-ақ күллі кещеден,
Елпілдеуге емес-ті онда еп те кем...
Құзғын біткен құдитады кезінде
Қиясбайдың қадіріне жетпеген...
Мысын елдің басқанымен өрекпіп,
Жаны өзгеден жүрген жоқ-ау
кем өксіп.
Ұлтқа тұғыр ұлы Абайды ұқпаған
Қиясбайын қоғам қайтсін керек қып?!
Бақсыдайын бүлінбеске бүлініп,
Жақсыдайын жақсылыққа құнығып,
МЕНДІ қойып, МЕНІКІМЕН сүйдіріп,
Ақыр соңы сен де өтерсің түңіліп...
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter