Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
12.09.2022
2793
ҚЫЗ ҰЗАТУ
Жаралғандай таң нұрдан,
Мейіріңді қандырған.
Бойжетіпті қызымыз,
Кешегі балдырған.
Еркін өскен шынарым,
Іштей үнсіз тынамын.
Ұшқалы сен тұрсың ғой,
Табылып сыңарың!
Қайырмасы:
Той-думан да жасалар,
Қабыл болсын баталар.
Біздер айтар ақ тілек,
«Қосағыңмен қоса ағар!»
Қимастық бар көңілде,
Бақытты бол өмірде!...
Жүзіңді мұң шалмасын,
Ақ періштең қолдасын.
Бірге болсын әрдайым,
Сенімің жолдасың.
Қимастықтан шырағым,
Жүрек толқып тұр әлі.
Татулық пен сыйластық,
Махаббат ұраны.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter