Өлеңдер ✍️

  12.09.2022
  78


Автор: Бижан Қалмағанбетов

КҮНІМ

Күнім менің!
Бәлкім сенің түсіңе жиі енемін,
Сағынышпен күй кешкен жарасымды,ә?
Еркелетіп, құшақтап сүйер едім
Көк шалғын мен гүлдердің арасында.
Сандуғашым менің!
Сені ылғи тыңдар едім бақтардан,
Көңіл шіркін осындайда босай ма?
Қиялдаймын кездерімді шаттанған,
Алыстасың, көктем тірлік жасай ма?!
Махаббатым менің!
Ғашықпын мен сенің мойыл көзіңе,
Желге айтар ем сен жоқсың ғой жанымда.
Құштарлықты жел жеткізсе өзіңе,
Сезім шіркін ойнайды ыстық қанымда.
Сұлуым менің!
Мөлдір судай құйылып ағар едім,
Жаңбыр болып тұрсам сенің шашыңда.
Ерніңнен тамшы болып тамар едім,
Ылғи менің болсаң өзің қасымда.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу