Өлеңдер ✍️

  12.09.2022
  124


Автор: Бижан Қалмағанбетов

ТАИЛАНД

(САМУИ АРАЛЫ)
Көз салсақ география картасына ,
Көп онда жазық дала, жартасы да.
Самуи аралы мен келіп саған,
Түскендеймін жұмақтың ортасына.
Бермесе де көктегі саған айды,
Адам бәрін өзінше бағалайды.
Жамылған кокос пальмаларын ылғи,
Ұнаттым таза тропикалық жағажайды.
Көңіл шіркін мәз болып, сайрандай ма,
Бәрін адам қолымен қойғандай да.
Жан-жағыңа көз салсаң жасыл әлем,
Жерге әкеп біреу кілем жайғандай ма?
Шетелде саяхатта жүр едіңіз,
Қабыл болар бар ой мен тілегіңіз.
Аласыз қолға барлық мүмкіндікті,
Робинзон Крузодай бір өзіңіз.
Көтеріліп сезім де жайланады,
Көп дейді таза ауаның пайдалары.
Джунглидің ортасында отырып-ақ,
Көресіз бүкіл дүние, айналаны.
Жайнайын қауыз ашып, гүлденейін,
Деп тұрғандай бас иіп гүлге дейін.
Табиғат та, адам да, жануар да,
Көрінер тұмсығы ұзын пілге дейін.
Білім нәрін рухани тұтынар,
Дәмін татқан жегісі кеп жұтынар.
Демалуға Таиландта дәстүр бар,
Кітапхана – шипажайын ұсынар.
Бәрі жеңіл, атқармайсыз күшпен де,
Күні бұрын ойлап кесіп-пішкен де.
Өзіңіз-ақ әп- сәтте ұғып аласыз,
Көз салсаңыз төмендегі түстерге.
Сұр түспенен теңіз жаққа жүріңіз,
Ал қызылды бассейн деп ұғыңыз.
Аппақ түс пе – кітапхана бұл өзі,
Зиялы боп кітап оқып шығыңыз.
Көп болса да қонағы тосқан әлі,
Бәрінің ашық-жарқын қас-қабағы.
Самуидың тарихы сонау ерте,
VI ғасырлардан басталады.
Жер емес тез аралап, барып шығар,
Мұндайға ерінбеген халық шыдар.
Алғаш рет мұнда кеп қоныстанған,
Малайзия, Қытайдан балықшылар.
Берік етіп қымтаған іргені де,
Қарама тілдеріне, түрлеріне.
Тау жынысы сан алуан кездеседі,
Пайдалы қазбалардың түрлері де.
Ауыл емес бұл енді басқа мекен,
Көргенімді ұмытпай мақтан етем.
70-жылдары бұл аймаққа,
Туристер алғаш қадам басқан екен.
Көп екен табиғаттың тосын жағы,
Кереметтің біз үшін ашылғаны.
Туризмнің дамыған кезеңі сол –
90 жылдардың басындағы.
Көзім көрді айтайын шындығын әр,
Бір күнінен алға озып, бір күні ұнар.
Рахатқа бөленіп жүрген бүгін,
Бұл аралдың 45 мың тұрғыны бар.
Айта салу дұрыс болмас жәй мұны,
Туризм – бұл Самуидың байлығы.
Каучукті де өндіреді, қоса оған,
Кокос жаңғақтарымен де әйгілі.
Таиландтың бұл ауызға алар ірі елі,
Ортақ іске үлес қосқан сүбелі.
Самуидың әріптесі өте көп,
Алпыс арал қоршауында тұр өзі.
Қош болып тұр, дедім мен де, сен теңіз,
Таңғажайып сурет көрдім сенсеңіз.
Ол туралы естірсіз көп ертегі,
Айтарым сол – бір-ақ рет көрсеңіз.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу