Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
12.09.2022
147
ӘН
Бауыр басып кеткеннен бе өлеңге,
Барсам-дағы сапарменен қай елге.
Сөзін, бәлкім, түсінбеспін, ол рас –
Ең алдымен құлақ түрем әуенге.
Ұмытылып бір сәт шаршау,шабыс та,
Сілтеп сені жөні түзу бағытқа.
Өн бойыңа қуат құйып жақсы әндер,
Шақырады сонау шырқау, алысқа.
Еске түспей жолы бассаң әттеңге,
Қайталарсың таңертең де, сәскең де.
Кейде көппен байқамай да қаласың,
Ду қосылып кеткеніңді жақсы әнге.
Бүлдіршіннің мектепте ән-күй сабағы,
Әдемі әуен дертіңді емдеп жазады.
Сахнаға қараудан біз талмадық,
Демей ме жұрт «Ән –көңілдің ажары!»
Туған жерім әрлендірсін нәрімен,
Көлге аққу қонсын үйрек- қазымен.
Аспан ашық, бұзылмасын тыныштық,
Әсем әуен бөлей берсін сазымен
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter