Өлеңдер ✍️

  12.09.2022
  251


Автор: Бижан Қалмағанбетов

ҚАРЫНДАСҚА

Орындалып бар қиял, іздегенің,
Отбасыңмен бүгінде бірге демің.
Көргім келіп тұрады кейде өзіңді,
Жат жұрттық қой дегенмен қыз дегенің.
Еңбекқорсың, күтпей-ақ сүйеуімді,
Мұң шалмасын қашан да реңіңді.
Қыз қияға ұщса да жүрсің әлі –
Тілеп менің сыртымнан тілеуімді.
Алыстасың дей алман қараны үздің,
Бәрі өзіңнің қолыңда сана- тізгін.
Отырсың ғой мәпелеп жас баладай,
Берсін жасын тілегім анамыздың!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу