Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
12.09.2022
105
ҒАСЫР КУӘСІ немесе БАШҚҰРСТАН ОРМАНЫНДАҒЫ АҚҚАЙЫҢМЕН СЫРЛАСУ
Өткен жылғы жаздың шуақ айында,
Айтайыншы бір сапарым жайында.
Көп жасаған, құшақ жетпес тап болдым,
Башқұрстан орманында аққайыңға.
Тіл қатқандай кел деп маған әуелі,
Саз сырнайдай самал желдің әуені.
Сырласындай әңгімесін тарқатты,
Құшағына ап көлеңкелі, мәуелі.
Дей алмаспын мәңгі бұлай тұрармын,
Осы орманның қарты да мен шығармын.
Табиғаттың төздім талай сынына,
Мен де бір күн морт сынармын, құлармын.
Данагөйдей ақыл айтқан баршаға,
Дегім келді бос таусылып, шаршама.
Түсінгендей жауап қатты ол, өкінбен,
Ұрпақтарым жас қайыңдар қаншама!
Өмір –теңіз толқынына жармасып,
Кәрі жасқа орын беріп алмасып.
Тек тарихта із қалдырып, зымырап,
Айлар, жылдар өте берер жалғасып
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter